«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

“Бір ауыл – бір өнім” – ауылдық өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы мүмкіндік

2024 жылғы 17 Маусым
- Алматы облысы
8356 просмотров

Іле ауданында өткен “Бір ауыл - бір өнім” көрмесіне 20-дан астам кәсіпкер қатысты. Көрме әр кәсіпкердің өз қолымен жергілікті шикізаттан өңделген өнімдерінен тұрды, себебі жәрмеңкенің басты мақсаты - өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту, сапалы өнім өндіруге кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сертификаттаудан өткен өнімдердің сұранысын арттыру, яғни халықтың әл-ауқатын жақсарту.

“Бір ауыл - бір өнім” көрмесіне Іле ауданынан “Боралдай нан” нан, кондитер өндірумен айналысатын, 300-ге жуық басым көпшілігі Іле ауданының жұмысшылары жұмыс жасайтын кәсіпкер қатысты. Кәсіпкер цехын ұлғайтып, өнімдерін шетелге экспорттауды көздеп отырғанын айта кетті.

Сонымен қатар, көрмеде Назира ханымның “Berel honey” атымен танылған Іле ауданында тұрақты тұтынушылары бар балдың түр-түрі де кездесті.

“Бал - қуаты жоғары тамақтық азық. Біздің бал суық тигенде, асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек секілді ауруларды емдеуге көмектеседі. Сондай-ақ, тау балы, дала балы, бақ балы, қарақұмық балы, жөке ағаштың балы және т.б. көптеген түрлері кездеседі” - дейді Назира Газизовна.

Жастайынан саңырауқұлақтарды теріп, оны өсірудің қыр-сырын меңгерген Олег Владимирович, Қазақстанда саңырауқұлақ өсіретін үлкен кәсіпорындар аз дейді. Оның айтуынша, бұл сала аса ұқыптылықты талап етеді, +2 - +5 аралығындағы қолайлы температураны сақтап, ылғалды ұстап тұратын арнайы топырақты алдыртып отырса керек. Ол қозықұйрық (шампиньоны) өсірумен айналысуда.

Жалпы, жәрмеңкеге кондитерлердің торттары мен тәттілері, таза металдан өндірілетін орындықтар мен үстелдер, теріден жасалатын қолөнер бұйымдары, аяқ-киімдер, ұлттық нақыштағы ою-өрнек бейнеленген сөмкелер, сондай-ақ, қолөнер бұйымдары қойылды.

14 жасар Талғатбек Аружан - 13 мектептің 8-сынып оқушысы, сонымен қатар, кәсіпкер десек те, артық емес. Себебі, талапшыл кішкентай қыз қолынан әртүрлі әшекей бұйымдар жасап сатумен айналысады. Оның жасаған бұйымдары заманауи мен қазақилықты үйлестірген шекелік, күміс сырға, сақина, білезік, моншақ секілді көз тоярлықтай бұйымдардан тұрады. Болашақта өз кәсібін дөңгелетуді көздеген Аружан “Бір ауыл - бір өнім” көрмесінен тәжірибе жинап, болашақта мықты кәсіпкер болуды армандайды екен.

Сәйкесінше, бренд-комитет таңдаған қатысушылар өндіріс технологиялары бойынша білім алып, өнімді дамыту мен өткізу, сауда белгілері мен сапа стандарттарын әзірлеу жөнінде қолдау көрсетілетін болады. Олар жергілікті өнімнің сертификатын алу мүмкіндігіне де ие. Таңдалған жеңімпаздар туралы келешекте хабардар ететін боламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер