Тізілімнен шығарудан жер алуға дейін: Алматы облысы бойынша Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі қандай мәселелерді шешті
19 - наурызда Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жұмыс отырысына негізгі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қызметінде түрлі мәселелерге тап болған кәсіпкерлер қатысты. Кездесу барысында Алматы облысындағы кәсіпкерлік қызметке қатысты ағымдағы бес мәселе қаралды.
Кездесуді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Құқық қорғау кеңесінің төрағасы Әсет Талғатбек ашып: «Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін жедел және жүйелі түрде шешу, өңірде бизнесті жүргізу үшін нақты шараларды әзірлеу және мәселелерді шешу үшін қолайлы жағдайларды жасауымыз керек», - деді.
1. «Актам-инжинеринг» ЖШС-нің мәселесі – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару бойынша болды.
«Актам-Инжинеринг» ЖШС өкілі кәсіпорынның келешек мүмкіндіктеріне кері әсерін тигізген мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміндегі компаниялардың қатарынан шығару бойынша мәселені көтерді.
Мәселені қарау және сот өндірісі нәтижесінде «Актам-Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін Тізілімнен шығару туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, кәсіпкерге тұрақсыздық айыбы бойынша есептелген өсімпұлға қатысты істі қарау үшін сотқа жүгіну ұсынылады.
2. «UniVet» ғылыми-өндірістік орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәселесі – санитарлық-қорғау аймағы жобасын тіркеуге қатысты көтерілді. Бұл мәселе жобаны тіркеуге жауапты органдардың аумақтық келіспеушіліктерінен, учаскенің бір аумақта, жобалық құжаттама бойынша басқа жерде орналасуына байланысты туындаған.
Талқылау қорытындысы бойынша жобаны тіркеу үшін жергілікті атқарушы органға хабарласу ұсынылса, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына мәселені бұл мәселені өз бақылауында ұстау ұсынылды.
3. «Алатау-Құс» АҚ-ның мәселесі – құс фабрикасының жанынан тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша
Құс өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын «Алатау-Құс» АҚ өз өндіріс орындары жанынан тыңайтқыш зауытын салу жобасына алаңдаушылық білдірді. Кәсіпкерлер басқа кәсіпорындардың, соның ішінде шошқа фермаларының қалдықтарын тасымалдап, оны өңдеу - түрлі вирустар мен инфекциялардың құс фермасына таралуына әкеп соғады дейді. Сондай-ақ, адамдардың жұмыс істеуіне де кедергісін келтіреді деді.
Талқылау нәтижесінде зауыт құрылысының заңдылығын және барлық санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеру үшін прокуратураға жүгіну ұсынылды.
4. Жеке кәсіпкер «Екейбеков»-тың көтерген мәселесі – Алматы облысынан мейрамхана ашуды қаржыландыру бойынша
Кәсіпкердің айтуынша, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан мерзімге сәйкес қаржы берілуі керек болатын. Алайда, уақтысынан кешіктіріліп жатқанын және мейрамхана құрылысын аяқтау бойынша берілген уақыт жеткіліксіз екенін алға тартуда.
Сол себепті де, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы «Даму» дамыту қорының өкілі Слямов Асланды шақырып кәсіпкермен бетпе-бет кездестірді.
Кәсіпкерге ұсынылған ұсыныс бойынша, кәсіпкерге келтірілген шығынды өтеу және оның құқықтары толығымен қорғалу үшін кәсіпкер сотқа жүгінетін болып шешті.
5. «AHI HOLDING» ЖШС – Құм өндіруге арналған жер учаскесіне мемлекеттік акт алу бойынша мәселені көтерді.
«AHI HOLDING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі лицензиясының болуына және облыстағы құрылыс нысандары үшін осы ресурсқа қажеттіліктің жоғары болуына қарамастан, жергілікті атқарушы органның құм өндіруге жер телімін беруден бас тартуына тап болды. Кәсіпкер мемлекеттік акт алу және құқығын қорғау мәселесін шешуге көмектесуді сұрады.
Алматы облысының кәсіпкерлер палатасына облыстық прокуратураға осы мәселе бойынша тексеріс жүргізіп, тиісті шаралар қолдану үшін өтініш материалдарын жіберу ұсынылды.
Кездесу Алматы облысындағы кәсіпкерлердің көптеген әкімшілік кедергілерге ұшырап жатқандығын көрсетті. Дегенмен, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогтың арқасында бизнестің жағдайын жақсартуға көмектесетін екіжақты шешімге келуге болады. Кәсіпкерлер палатасы өңірдің бизнес-қауымдастығына жан-жақты қолдау көрсетуді, туындаған мәселелерді шешуге көмектесуді және кәсіпкерлердің мүдделерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуді жалғастырады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: