«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвестордан заңсыз шектеу алынып тасталынды

2024 жылғы 18 Қыркүйек
- Алматы облысы
4356 просмотров

Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының филиалымен бірлесіп, ауданның инвесторларымен және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. 

Кездесу бизнес пен билік арасындағы диалог форматында өтті. Аудан прокуроры Бауыржан Қыбраев атап өткендей: «Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, барлық мәселелер мұқият және жан-жақты қарастырылады, ең бастысы оларды анықтау».

Жалпы, биыл облыс прокуратурасы 7 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады. 
Мәселен, жергілікті экономикаға 50 миллионнан астам шетел валютасын инвестициялаған ірі инвесторға жер ресурстарын бақылау және қорғау саласындағы уәкілетті орган, тіркелмеген тексеріссіз жер учаскелеріне негізсіз шектеу қойған.
Прокурорлық қадағалау актісімен заңсыз шектеу алынып, мемлекеттік органның қызметкері кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бизнесті қорғау жұмыстары жалғасуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер