«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Галстуксіз кездесу: Агроөнеркәсіптік кешен кәсіпкерлерінің жан-айқайы

2024 жылғы 26 Шілде
- Алматы облысы
4180 просмотров

Алматы облысының прокуратурасы мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен бұл жиында облыстың агроөнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер қатысты. Бұл басқосудың басты мақсаты – ауылшаруашылық саласындағы кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзара сенімділікпен мәселелерді шешуге бағытталған оңтайлы жолдарды қарастыру болды.

Жиынға Алматы облысының прокуроры Адамов Берік, "Қонаев" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Абдыгулов Мурат, Алматы облысының "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ орынбасары Алибаев Нурмади, Алматы облысының "Жер ресурстарын басқару" департаментінің басшысы Нурлыбаев Жандос, "КазАгрофинанс" АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша директорының орынбасары Тушкенов Ербулан, Алматы облысының "Жер ресурстарын басқару" басқармасының басшысы Чункунов Куандык, сондай-ақ, Алматы облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры орынбасары Дуйсекенов Ержан қатысты.

"Қазіргі кезде елімізде 270 мыңнан астам ауылшаруашылық тауар өндірушілер бар, мемлекет басшымыз халыққа үндеуінде инвестициялық ахуал мен кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау керек екенін айтқан болатын. Бұл бағыт бойынша облыс әкімдігінен субсидияландыру, кредит сомасын азайту, жер беру, индустриалдық аймақ қалыптастыру сынды көмек көрсетілуде. Алайда, мәселелер әлі де аз емес. Осыған орай, кәсіпкерлермен бетпе-бет кездесіп, экономикамыздың негізі - агроөнеркәсіп саласындағы түйткілді мәселелерді галстуксіз кездесуде талқылауды жөн көрдік" - деді Берік Адамов.

Жиын барысында  көптеген мәселелер көтерілді, соның ішінде, егін жинау кезінде дизель отынының қымбаттауы және астық жинағаннан кейін өткізу нарығының болмауына кәсіпкерлер. Жеңілдетілген несиелер мен субсидиялармен, банктердің кепіл саясатымен, тендерлермен байланысты мәселелер. Шаруалар егіс алқаптарын суару үшін судың жоқтығына, әкімдік тарапынан субсидиялардың уақытылы төленбеуіне, кей жағдайда таңдау әдісімен төленетініне наразы. Сонымен қатар, өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басында полигонға 11 мың тоннадан астам пияз тасымалданғанын, өнімді өткізу нарығының жоқтығынан жүгері бағасы төмендегенін атап өтті. Шетелдік жеткізушілердің жергілікті өнімге тосқауыл қоюы және бәсекелестік органдарының бағаны басып тастауы да, көптеген мәселелердің туындауына әсер етті. 

Галстуксіз кездесуде агроөнеркәсіп кешенінің өкілдеріне әрбір көтерілген мәселеден кейін бірден шешу жолдары бойынша тиісті органдарға нұсқаулық берілді. Агроөнеркәсіпті дамытуға бағытталған барлық қаржы өнімдерін бір институтқа біріктіру бойынша тапсырма берілді. "ӘКК" Қонаев, "Казагроқаржы" АҚ және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ түріндегі ауыл шаруашылығы несиелік кәсіпорындары агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін шаруа қожалықтарына қолжетімді жеңілдетілген несиелер мен басқа да құралдарды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша, барлық мәселелер тізімі жасалып, облыс прокуроры қатысушыларды аталған мәселелерді шешу бойынша жұмыстардың ұйымдастырылатынын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер