«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарасай және Жамбыл аудандарының кәсіпкерлерімен «жайлы балабақша» концепциясы талқыланды

2024 жылғы 27 Маусым
- Алматы облысы
4620 просмотров

Ағымдағы жылдың 26 - маусымында Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының және білім салалық кеңесінің ұйымдастыруымен құзіретті органдар мен жекеменшік балабақша иелерінің Қарасай аудандық мәдениет үйінде кездесуі өтті. Көшпелі кездесуге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Ержан Дүйсекенов, Алматы облыстық білім беру кеңесінің төрайымы Кулянда Батырбекова, Алматы облысы санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов пен Қарасай ауданы әкімі орынбасары Адис Сейдақметов, сонымен қатар, Қарасай ауданына тиісті орган өкілдері күн тәртібіндегі түйткілді мәселелерді көтерді.

Соның бірі, балабақшалар орналасқан жер телімдерінің нысанасын ауыстыру болса, екіншісі, бейімделген ғимаратта орналасқан балабақшалардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды өзгерту бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Қазіргі кезде облысымызда 1161 балабақша жұмыс істеп тұр. Соның 979 жекеменшік балабақша, олардың 349 балабақшасы өздерінің ғимараттарында орналасса, 630 балабақша жалдамалы коттедж үйлерде кәсіптерін жалғастыруда. Негізінде, жекеменшік білім ұйымдарының осал тұстарын ескере отырып, “BilimInvest” қауымдастығы жаңа концепция дайындап, оны Министрлікке ұсынған. Алайда, әлі де қызу талқыға түскен концепция жекеменшік балабақша иелерінің арасында өзекті мәселе десек те, артық емес.

Облыс бойынша үлкен зерттеудің аясында туындаған концепцияның талаптары бойынша балабақша құжаттары, рұқсат қағаздар, барлық қызмет түрлері толығымен стандартталуы тиіс. Ал кездесуде балабақшалардың жағдайын көтеруге Кулянда Батырбекова мынадай ұсыныстар ұсынды:

Балабақшаларда балаларға арналған қолайлы жер телімінің болуы;

Спорт-акт залының болуы;

Киім ауыстыру бөлмесінің орналасу жерінің болуы;

Ойын бөлмесінің бөлек болуы;

Ас бөлмесінің жағдайы;

Дәретхананың гендерлік тәрбиемен бөлек болуы.

«Жайлы балабақша» концепциясы аясында төрт топтық балабақша жобасы да айтылды. Мекеме басшылары жекеменшік балабақшалардың алаңсыз, заңды қызмет етулері үшін кәсіпкерлердің ыңғайына сай концепциялық бағыттар ұсынылды.

 

Кездесу нәтижесінде, «Еліміздің болашағының жарқын болуы өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне байланысты. Ал «тәрбие тал бесіктен» басталса, білім баспалдағы балабақшадан басталады. Сол себепті де, балабақшалардың жәй-күйі әрбір азаматты толғандыратыны аталмыш іс-шарадан-ақ белгілі. Қарасай ауданында өткен кездесуде көкейтесті сұрақтар қойылып, жайлы балабақша концепциясының мән-жайы толығымен ашылды және бұндай кездесулер жалғасын табады» - деді Атамекен кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Ержан Дүйсекенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер