«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төраға м.а. тағайындалды

2023 жылғы 28 Тамыз
- Алматы облысы
11546 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына Тимур Бекеев төраға болып тағайындалды. Тағайындау «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының шешімімен және Өңірлік кеңеспен келісе отырып, жүзеге асырылды.

Бұл қызметке ол қазір Алматы облысының ауыл шаруашылығы Басқармасының басшысы болып тағайындалған Қуандық Чункуновтың орнына келді.

Тимур Бекеев – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1987 жылы 30 маусымда дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Қаржы және мұнай-газ саласындағы бірнеше дипломдардың иегері.

2005 жылы Банк ісі академиясын «Қаржы және құқық» мамандығы бойынша, 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген, 2012 жылы Уэльс университетінде «Қаржы және тәуекелдерді басқару» ғылымдарының магистрі, 2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мұнай-газ ісі» саласындағы ғылым магистрі атанды.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары «Мұнай Транссервис» ЖШС директорының орынбасары (2008-2010 ж.), «Транссервис Миллениум» ЖШС техникалық директоры (2013-2014 ж.), «Progress Operating» ЖШС Бас директоры (2014-2022 ж.), Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы аппаратының басшысы (2022-2022 ж.) қызметтерін атқарды.

Соңғы жұмыс орны - Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры (2022-2023 ж.).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер