«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туробъектілерге көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету: Алматы облысында турсаладағы жүйелік проблемалар талқыланды

2023 жылғы 12 Шілде
- Алматы облысы
9985 просмотров

Маусымның 11-і онлайн форматта туристік саланың проблемалық мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Кеңеске ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың Алматы облысының тұрғындарымен есептік кездесуінде орын алған бизнес субъектілерінің көтерген мәселелері негіз болды.

Кеңес аясында қатысушылар туристік нысандарға, атап айтқанда Ұлттық парктер аумағына қоғамдық көлікті іске қосу қажеттілігін атап өтті.

«Kaz Alpine Club» пленумының төрағасы Тимур Дүйсенғалиев, мәселен, «Алтын-Емел» визит-орталығына жол грейдерлік болса да, маршруттарды іске қосу мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үлкен инвестицияларды қажет етпейді, тек маршруттардың техникалық параметрлері мен жиілігін белгілеу қажет.

«Қоғамдық көлікпен жету қолжетімсіз туробъектілерді танымал ету мүмкін емес», - деп қорытындылады Тимур Дүйсенғалиев.

Дегенмен кейбір жерлерге дейін қоғамдық көліктер бар. Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, «Oi-Qaragai» тау курортына дейін 210-шы маршрут тұрақты жұмыс істейді, жұмадан жексенбіге дейін Алма-Арасан шатқалына қарай 211-ші маршрутпен жетуге болады. Сондай-ақ, аптаның соңғы үш күнінде «Pioneer» тау курорты көліктік қолжетімділікпен қамтамасыз етілді, бірақ курорт басшысы Жанна Қаратай маршруттың соңғы аялдамасы межелі жерден 700 метр қашықтықта екеніне наразы.

«Тік тау баурайында көтерілу өте қиын. 209-шы маршрут тек үш күн жүргеннің өзінде, жүру кестелері бұзылып тұрады. Біз ерекше балалармен, бейімделгіш шаңғы тебумен және т.б. айналысатындықтан, әлеуметтік маңызы бар туробъектіміз. Курортқа дейін тұрақты қоғамдық көлікті іске қосу біз үшін маңызды», - деді Жанна Қаратай.

«700 метр» мәселесіне Алматы әкімдігінің өкілі Азамат Ешанқұл түсініктеме берді. Ол курортқа дейін көлікпен қамтамасыз ету бойынша өткізілген конкурс туралы айтты. Алайда, оның айтуынша, жұмыс істеп тұрған көліктер тар жол жағдайында еңіспен көтеріле алмайды.

«Қазір біз тау тежегіші бар автобустарды сатып алып жатырмыз. Талдау жүргізіп, қарастырамыз», - деп сөзін аяқтады Азамат Ешанқұл.

«Complit Service» кірмелі және шықпалы туризм департаментінің басшысы Сартаева Раушан тағы бір маңызды мәселені көтерді: Бесшатыр қорғаны арқылы Әнші бархандарға туристердің өтуіне белгілі бір қолжетімділік жасау.

«Мәселелерді жүйелі түрде шешу керек. Шет елдердің аналогы бойынша көлік компанияларын құрып, мүмкіндігінше туристердің үлкен ағымдарын бөлу қажет. Барлық көтерілген мәселелер бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті хаттар жолданатын болады», - деп қорытындылады қатысушылар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер