«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Қарасай ауданы кәсіпкерлерінің проблемалық мәселелерін талқылад

2023 жылғы 23 Маусым
- Алматы облысы
12479 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері үш облыстық құрылыммен – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен және Прокуратурамен бірлесіп кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелер туралы білу үшін аудандарға сапар ұйымдастырады.

Бүгін Қарасай ауданының бизнес-қоғамдастығымен осы өңір әкімі орынбасары қатысуымен кездесу өтті. Оны Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қуандық Чункунов ашып, Атамекенде кәсіпкерлердің барлық өтініштері бақылауда болатын проблемалық мәселелердің арнайы тізілімі бар екенін атап өтті.

Залдан айтылған мәселелер өнеркәсіп кәсіпорындарының, мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне, сондай-ақ бірқатар елді мекендердегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажеттілігіне қатысты болды.

Қорытындылай келе, төраға енді екінші жартыжылдықта айтылған сұрақтардың нәтижелері бойынша кездесулер болатынын атап өтті. Онда қандай проблемалар шешілгені, қайсысы шешілмегені және олардың шешімі қай кезеңде екендігі белгілі болады.

Кәсіпкерлер өз кезегінде билікпен ашық диалог жүргізуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер