«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ашық диалог: Алматы облысында өнеркәсіп, сауда және қызмет көрсету саласындағы мәселелер талқыланды

2023 жылғы 09 Маусым
- Алматы облысы
9036 просмотров

Бүгін ашық диалог форматында өнеркәсіп, сауда және қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлердің салалық Кеңестерінің отырысы өтті.

Іс-шара Алматы облысы әкімінің орынбасары Исатаев Рустамның қатысуымен өтті. Кеңес аясында қатысушыларға Қонаев қаласының бас жоспары таныстырылды.

Жиынды Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қуандық Чункунов ашып, салалық кәсіпкерлер Кеңесінің мақсаты өңір аумағында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті.

Кеңес шеңберінде бизнес субъектілері бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді.

Айта кетейік, өңірде өнеркәсіп саласында 1400-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде өндіріс көлемі 555.7 млрд. теңгені құрады.

Алматы облысы әкімінің орынбасары проблемаларды шешуге және бизнеске жәрдемдесуге әрқашан дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ, көтерілген барлық мәселелер мұқият қаралып, шешілетініне сендірді.

Кездесу соңында кәсіпкерлер Палатаға берілген мүмкіндік үшін және облыс әкімінің орынбасары Исатаев Рустамға белсенділік танытып, мәселелерді шешуге шынайы қызығушылық танытқаны үшін алғыстарын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер