«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында менторлық бағдарламасы бойынша ментилар іріктелді

2023 жылғы 01 Маусым
- Алматы облысы
10997 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында "Мен кәсіпкер" құралын іске асыру шеңберінде менторлық бағдарламасына қатысу үшін ментилерді іріктеу өтті. Іріктеу Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына (ӘКДО) берілген өтінімдер негізінде жүргізілді.

Жобаның тәлімгері – “Атамекен” Палатасына қарасты Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Бақытгүл Ельчибаева. Ол бизнес басшыларының құзыретіне бағалау жүргізеді және оларды одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар мен жұмыс жоспарын әзірлейді.

Іріктеу бірнеше негізгі критерийлер бойынша жүргізілді:

  • қолданыстағы тіркелген бизнес;
  • өз бизнесін дамытуға және кеңейтуге ұмтылу;
  • нақты тұжырымдалған міндеттердің болуы,
  • кәсіпкерлік қоғамдастыққа қатысу деңгейі,
  • қарым-қатынас пен өзгерістерге дайындық және т. б.

Ментормен жұмыс жасауға өңірдің 41 кәсіпкері үміткер болды.

«Осы қызметті алуға сұхбат беру әдісімен жүргізілген іріктеу нәтижесінде 12 кәсіпкер өтіп, тағы 5 кәсіпкер резервтік тізімге қабылданды. Жаңадан алынған ментидің бірі Марат Римма эко-ойыншықтар шығарумен айналысады, ал Ажиниязова Надежданың өз наубайханасы бар», — дейді ӘКДО-ның тәлімгері Бақытгүл Ельчибаева.

Комиссия қатысушылары бұл әдісті ментиді таңдау кезінде объективті бағалау мен бейтараптықты қамтамасыз етуге ықпал ететін атап өтті.

Барлық іріктелген ментилар үшін қорытынды ұсыныстарды тұжырымдалып, жауапты және орындалу мерзімдерін көрсете отырып, әрі қарайғы әрекеттер анықталды.

Айта кетейік, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына қарасты ӘКДО осы жылдың сәуір айында ашылды.

«Орталық ашылғаннан бері бізден түрлі қызметтерді алу үшін өңірдің 74 іскер әйелі жүгінді. Олардың барлығы ұсынылған қызметтер бойынша консультациялар алып, өз қажеттіліктері бойынша сұрауларды өтеусіз негізде қалдырды», — деп толықтырды ӘКДО-ның менеджер-кеңесшісі Уталиева Айгүл.

Кәсіпкерлік бастамасы бар кез-келген әйел Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына қарасты Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына өз ісін ашу және дамыту, оқыту және ілгерілету мәселесімен жүгіне алады: Қонаев қ., 1 шағын аудан, 14Б.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер