«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының кәсіпкерлерін мектепке дейінгі білім беру саласына инвестиция құюға шақыруда

2023 жылғы 26 Сәуір
- Алматы облысы
9645 просмотров

Алматы облысында «Балалық шаққа инвестиция» мектепке дейінгі білім берудегі инвесторлардың IV республикалық форумы өтті.

Форум мақсаты мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен балабақша ұйымдарындағы маңызды мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну, мектепке дейінгі білім беру саласы инвесторларына қолайлы орта қалыптастыру.

Іс-шараға Атамекен ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов, Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қуандық Чункунов, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігі, қоғам және мемлекет қайраткерлері, білім саласының мамандары қатысты.

Мақсат Қиқымов өз сөзінде бизнес-сектордың қоғамдық өмірге әсер етуде, соның ішінде білім саласына үлес қосуда әлеуеті зор екенін тілге тиек етті.

«Әрбір елдің болашағы – оның өскелең ұрпағы. Сондықтан барынша балалардың дамуына ықпал ететін жағдай жасауымыз қажет. Бизнес тек қаржылай ғана емес, сараптама, жеке тәжірибе сияқты ресурстарын ұсына отырып та инвестиция құя алады», - деп түйіндеді Мақсат Қиқымов.

Өз кезегінде Қуандық Чункунов Алматы облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында Білім беру жөніндегі салалық кеңес құрылғанын атап өтіп, инвесторларға арналған балабақшалардың 4 жобасын таныстырды.

 

«Демек шағын аудандарда да кеңістікті ұтымды пайдаланып, барлық нормаларды сақтай отырып, жайлы балабақша құруға болатынын нық айтамыз», - деп сөзін қорытындылады Қуандық Чункунов.

Талғар ауданында өткен іс-шараның екінші бөлімінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда форум қатысушылары консорциум құру және бірыңғай критерийлерді әзірлеу туралы сұрақтарды талқыға салды.

Сонымен қатар, форум барысында бірқатар марапаттау рәсімдері өтті. Мәселен ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары еліміз бойынша, ал Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы облыс бойынша мектепке дейінгі білім беруді дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер