«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің жаңа құрамы бекітілді

2023 жылғы 24 Сәуір
- Алматы облысы
10178 просмотров

  Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

 Кеңес құрамына бизнес, Кәсіпкерлер палатасы, прокуратура, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Мемлекеттік кірістер департаменті, Экономикалық тергеу қызметі, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасы, адвокатура және заң консультанттары палатасының өкілдері кірді.

  Кеңес Төрағасы ретінде жергілікті кәсіпкер және облыстық мәслихат депутаты Жазыкпаева Жанна сайланды. Кеңес Хатшысы ретінде Кәсіпкерлер палатасының өкілі Байкулов Мухтар тағайындалды.

  «Кеңестің жаңа құрамы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасының міндеттерін жедел және жүйелі шешу үшін қарқынды түрде жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті Палата төрағасы Чункунов Қуандық.

  Кеңес Өңірлік палатаның тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Кеңестің негізгі міндеттері кәсіпкерлердің құқықтары мен кәсіпкерлік қызмет бостандығын қорғау, заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу,  мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілеріне жол бермеу.

 

Байланыс: Қонаев қ., 1 шағын аудан, 14Б

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасы Жазыкпаева Жанна Тастемировна

+7 705 578 88 88

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Хатшысы Байкулов Мухтар Кольбаевич

+7 701 777 34 91


Еншілес ұйымдар

Серіктестер